Чемпиондар лигасының 1/8 финалы: "Реал" "Атлетикоға" қарсы, ал "ПСЖ" "Ливерпульмен" ойнайды
21.02.2025, 17:12
Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы барлық қарсыластар анықталды.
фото ашық дереккөздерден алынды
Турнирдің қазіргі жеңімпазы “Реал Мадрид” дербиде “Атлетикоға” қарсы ойнайды. Ал Франция чемпионы “Пари Сен-Жермен” ағылшындық “Ливерпульмен” күш сынасады.
1/8 финалдағы басқа жұптар:
- “Брюгге” – “Астон Вилла”
- “Лилль” – “Боруссия” Дортмунд
- “Бавария” – “Байер”
- ПСВ – “Арсенал”
- “Фейеноорд” – “Интер”
- “Бенфика” – “Барселона”
Матчтардың өтетін уақыты
1/8 финал ойындары 4-5 және 11-12 наурызда өтеді.
Финал қашан және қайда өтеді?
Чемпиондар лигасының биылғы финалы 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласында өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама