Қазақстандық жаттықтырушы Еуропада кезекті трофей жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 06:02

Литваның "Жальгирис" ФК бас бапкері қазақстандық Владимир Чебурин ел Суперкубогының иегері атанды. 

setantasports.com

Трофей үшін өткен ойында "Жальгирис" "Банга" клубын жеңді. Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды, ал пенальти сериясында "Жальгирис" ойыншылары 4:3 есебімен басым түсті. Осылайша Вильнюстік клуб Суперкубокты тоғызыншы рет жеңіп, ұлттық рекордты жаңартты.

Чебуриннің жетістіктері

Қазақстандық маман Владимир Чебурин 2016 жылдан бері Литвада үздіксіз жұмыс істеп келеді. Ол бастапқыда "Судува", кейін "Жальгирис" клубтарын басқарды. Осы кезеңде:

  • Алты рет Литва чемпионы атанды
  • Бірнеше мәрте ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды
  • Күміс және қола медальдарға ие болды
  • 2014 жылы "Круоя" клубымен Литва чемпионатының күміс жүлдегері атанды
  • 2022 жылы "Жальгиристі" Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығарды

Бұл жетістіктер Чебуринді Қазақстаннан шыққан ең табысты еуропалық бапкер ретінде танытады.