Футбол бапкері Властимил Петржела ресейлік шабуылшы Артем Дзюба жайлы өз ойын ортаға салды.
Алматының "Қайрат" футбол клубы ресейлік "Акрон" командасының шабуылшысы Артем Дзюбаны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын кәсіпкер Қайрат Боранбаев мәлімдеген еді.
"Клуб Чемпиондар лигасына қатысу үшін Дзюбаны шақырмақ па? Бұл күлкілі жағдай. Мүмкін, жеті жыл бұрын оның пайдасы тиген болар еді, бірақ қазір емес. Қазіргі Дзюба Чемпиондар лигасында өнер көрсететін ешбір клубты күшейте алмайды. Еурокубоктарда ойнайтын командаға оны алудың еш мәні жоқ. Оның мансабы әлдеқашан артта қалды", – деді Петржела.
Ағымдағы Ресей чемпионатының маусымында Артем Дзюба "Акрон" сапында 10 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
36 жастағы шабуылшы Тольяттилік клубқа 2024 жылдың қыркүйек айында қосылған.
Қазір Дзюбаның жалпы карьерасындағы гол саны – 232. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Александр Кержаковтан (233 гол) бір саты төмен орналасқан.