Әлемнің ең сексуалды футболшысы анықталды: Роналду үздік бестікте жоқ

Редактор Penalty.kz
28.02.2025, 17:35

Ұлыбританияда футбол жанкүйерлері арасында арнайы сауалнама жүргізілді. 

gazeta.ru

Ұлыбританияда футбол жанкүйерлері арасында ең тартымды ойыншыны анықтауға арналған сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Криштиану Роналду үздік үштікке де, бестікке де жоқ, деп хабарлайды Offside.kz.

Ең тартымды футболшы кім?

Сауалнама барысында ойыншының дене бітімі, харизмасы және жеке стилі ескерілді. Осы критерийлер негізінде "Челсидің" 22 жастағы жартылай қорғаушысы Коул Палмер 19% дауыс жинап, көш бастады.

Ең сексуалды футболшылардың үздік ондығы:

  1. Коул Палмер ("Челси") – 19%
  2. Джуд Беллингем ("Реал") – 17%
  3. Джек Грилиш ("Манчестер Сити") – 15%
  4. Деклан Райс ("Арсенал") – 12%
  5. Трент Александер-Арнолд ("Ливерпуль") – 10%
  6. Букайо Сака ("Арсенал") – 8%
  7. Маркус Рэшфорд ("МЮ") – 7%
  8. Криштиану Роналду ("Аль-Наср") – 6%
  9. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") – 4%
  10. Килиан Мбаппе ("Реал") – 2%