Елдос Ахметов футболшылардың кәсібилігі туралы сөз қозғап, әсіресе аяқтағы тырнақтың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, қазір бас бапкердің көмекшісі Елдос Ахметов Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турының қорытындысын шығарып, футболшылардың аяз бен сапасыз алаң жағдайында ойнағанына тоқталды. Бұл туралы Offside.kz хабарлады.
Елдос Ахметов футболшылардың кәсібилігі туралы сөз қозғап, әсіресе аяқтағы тырнақтың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, тырнақтарға дұрыс күтім жасау футболшылардың ойынын жақсартып, жарақат алу қаупін азайтады.
"Футболшының аяғы оның басты құралы. Әрине, оған дұрыстап қарау керек. Оның жарақаттанбауы, оның қызыл болмауы, ішіне ірің толмауы керек. Осыны қадағалап жүретінбіз. Өзім футболшы болғанда да барып тұрдым. Қазір енді қойдық қой", - деді Ахметов FonTeam берген сұхбатында.
Наурыз айының соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиевтің басшылығымен Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан құрамасының Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтардағы мүмкіндіктері жаман емес.