Ташкентте Азия чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Пахтакор" (Өзбекстан) мен "Әл-Хилял" (Сауд Арабиясы) арасында алғашқы матч өтті.
Ташкенттік клуб 1:0 есебімен сенсациялық жеңіске жетті. Жеңіс голын 29-минутта бразилиялық шабуылшы Фламарион соқты.
Бұл жеңіс Азия чемпиондар лигасының ең атақты клубтарының бірі саналатын "Әл-Хилялге" үлкен соққы болды.
Қарымта кездесу 12 наурызда өтеді.
"Әл-Хилял" — Азия чемпиондар лигасын төрт рет жеңіп алған ең титулды команда саналады.
"Пахтакор" бұған дейін 2003 және 2004 жылдары екі рет жартылай финалда ойнаған.