Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Пацай Әли Әлиев басқаратын ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі мүмкіндіктеріне қатысты пікір білдірді.
Позитивті жақтары:
"Әли Әлиев – қазақстандық маман. Ол жергілікті футболды және ойыншылардың мүмкіндіктерін жақсы біледі. Сонымен қатар ол амбициясы жоғары және болашағынан үміт күттіретін бапкер", – деді Пацай.
Кемшіліктер:
"Оның ұлттық құрамада ғана емес, жоғары мақсат қоятын клубтарда да тәжірибесі жоқ. Бұл – үлкен мәселе".
Сергей Пацай қалай болғанда да Қазақстан құрамасына тек сәттілік тілейтінін және команда жанкүйерлерін нәтижелі әрі әдемі ойынмен қуантады деп үміттенетінін жеткізді.
44 жастағы маман 2025 жылдың қаңтар айының соңында бас бапкер міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Ол бұл қызметте Станислав Черчесовты алмастырды.
Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, 1 тең нәтиже тіркеді, 5 рет жеңілді. Команда осы кезеңде бірде-бір гол соға алмады.
Әли Әлиев бапкерлік мансабында "Қызылжар", "Жеңіс" және ''Шахтер" клубтарын жаттықтырды.