Футбол матчының қақ ортасында концерттік шоу ұйымдастырылатын болды

Редактор Penalty.kz
06.03.2025, 14:25

Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино мәлімдеді. 

NUR.KZ

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында тұңғыш рет матч ортасында шоу өтеді. Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино мәлімдеді. 

"Нью-Йорк, Нью-Джерсидегі әлем чемпионатының финалында тұңғыш рет матч ортасында шоу өтетін болды. Бұл шараны Global Citizen ұйымымен бірлесе ұйымдастырамыз", – деді ФИФА президенті өзінің Instagram парақшасында. 

ФИФА халықаралық білім беру және құқық қорғау ұйымы Global Citizen және британдық Coldplay тобы-мен бірге жұмыс істеп, бірінші таймнан кейінгі үзіліс кезінде жоғары деңгейдегі мерекелік шоу ұйымдастыруды көздеп отыр. 

Әлем чемпионаты: Жаңа форматы

АҚШ, Канада және Мексикада бірлесіп өткізетін байрақты бәсекеге алғаш рет 48 құрама команда қатысады. Әлем чемпионаты 2026 жылы 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Бұл турнирде:

  • 104 матч өткізіледі.
  • Қосымша плей-офф кезеңі енгізіледі.

Финалдық матч Нью-Джерси штатының МетЛайф стадионында өтеді. Бұл арена NFL командалары Нью-Йорк Джайентс пен Нью-Йорк Джетстің алаңы саналады.