Қылығымен қитұрқы. Моуринью "Тоттенхэмге" тамаша троллинг жасады
06.03.2025, 17:20
Оқиға "Фенербахче" мен "Антальяспор" арасындағы матч кезінде болды.
bel.football
"Фенербахченің" бас бапкері Жозе Моуринью "Тоттенхэм" клубының скауттарына ерекше тәсілмен троллиг жасады. Бұл туралы xaylight хабарлады.
Скауттардың сәтсіз сапары
"Тоттенхэмнің" скауттары Түркияға арнайы келіп, "Фенербахче" қорғаушысы Акчичектің ойынын бақыламақ болған. Алайда, Моуринью мұны алдын ала біліп қойып, скауттарға тосынсый жасады. Дәлірек айтқанда, португал маманы Акчичекті "Антальяспормен" болған матчта алаңға шығармай қояды.
Осылайша, Лондоннан келген меймандар үйлеріне құр қол қайтуға мәжбүр болған.
Моуриньюдің есе қайтаруы ма?
Айта кетейік, "Тоттенхэм" 2021 жылы Моуриньюді қызметінен босатқан болатын. Бапкердің бұл әрекеті реніштің белгісі болды ма екен?!
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама