Өзбекстандық шабуылшы "Ромаға" соңғы секундтарда жеңіс сыйлады (ВИДЕО)
07.03.2025, 07:57
Италиялық "Рома" өз алаңында Испанияның "Атлетик" командасын 1/8 финалдың алғашқы матчында жеңді.
football-italia.net
Римдегі кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
50-минутта Иньяки Уильямс "Атлетикті" алға шығарды. Араға алты минут салып Анхелиньо есепті теңестірді. Ал 94-минутта өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов жеңіс голын соғып кетті.
Енді "Рома" мен "Атлетик" 13 наурызда Бильбаода жауапты матч өткізеді.
Эльдор Шомуродовтың биылғы маусымдағы көрсеткіштері:
25 матчта 5 гол, 3 нәтижелі пас.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама