Еуропа лигасының ширек финалдық жұптары анықталды

Редактор Penalty.kz
14.03.2025, 09:41

2024/2025 жылғы маусымдағы УЕФА Еуропа лигасының ширек финалында кездесетін командалар белгілі болды. 

sportnews.24tv.ua

Еуропа лигасының 1/4 финал жұптары

  • "Будё-Глимт" (Норвегия) — "Лацио" (Италия)
  • "Тоттенхэм Хотспур" (Англия) — "Айнтрахт" Франкфурт (Германия)
  • "Рейнджерс" (Шотландия) — "Атлетик" Бильбао (Испания)
  • "Лион" (Франция) — "Манчестер Юнайтед" (Англия)

Ширек финалдың алғашқы матчтары 10 сәуірде, ал қарымта кездесулер 17 сәуірде өтеді.

Өткен маусымда италиялық "Аталанта" жеңімпаз болған. Олар финалда "Байерден" 3:0 есебімен басым түсті. Бұл ойында Адемола Лукман хет-трик жасады.

Конференциялар лигасының 1/4 финал жұптары

  • "Бетис" (Испания) — "Ягеллония" (Польша)
  • "Целе" (Словения) — "Фиорентина" (Италия)
  • "Челси" (Англия) — "Легия" (Польша)
  • "Юргорден" (Швеция) — "Рапид" (Австрия)