Тоқаев: "Футбол клубтары табыс табуды үйренуі керек"

Редактор Penalty.kz
14.03.2025, 20:40

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда еліміздегі футболдың дамуы мен спорт инфрақұрылымын жақсарту туралы пікір білдірді. 

Bizmedia.kz

Қазақстан футболына реформа қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы IV Ұлттық құрылтайда елдегі футболдың даму деңгейіне тоқталып, клубтардың қаржылық тұрақтылығы туралы маңызды мәселе көтерді.

"Футбол клубтары тек бюджеттің есебінен өмір сүрмеуі керек"

Мемлекет басшысы Қазақстандағы клубтық футболды коммерцияландыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, облыстық бюджеттерге тәуелді клубтар өздігінен табыс табуды үйренуі керек.

"Клубтар тек облыстық бюджетке қарап отырмауы керек. Әлемнің түкпір-түкпірінде футбол – бұл табыс әкелетін сала. Біз де осы бағытқа бет бұруымыз керек", – деді Тоқаев.

Клубтарды жекешелендіру – әлемдік тәжірибе

Президент кәсіпкерлерді футболды бизнес ретінде қарастыруға шақырып, жекешелендірусіз бұл салада өзгеріс болмайтынын айтты.

"Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, жекешелендірусіз ешқандай өзгеріс болмайды. Егер клубтар жеке меншікке өтсе, олар шетелдік ойыншыларды да өз еркімен шақыра алады", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Министрлік пен кәсіпкерлерге тапсырма берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев профильді министрлікке, Қазақстан футбол федерациясына, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлерге клубтық футболды коммерцияландыру процесін бастауға және жеке инвестиция тартудың механизмдерін әзірлеуге тапсырма берді.