Абдукодир Хусанов қымбат сыйлықты әкесіне тапсырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.03.2025, 16:31

"Манчестер Сити" ойыншысы қымбат көлікке ие болды. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Абдукодир Хусанов ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Ташкентке келген кезде ерекше сыйлыққа ие болды. Өзбекстандық футболшыға құны 350 мың доллар болатын Mercedes-Benz G-Class ("Гелик") көлігі тарту етілді, деп хабарлайды Upl.uz басылымы. 

Хусановтың шешімі қоғамды таңқалдырды

Желіде бұл қымбат сыйлыққа қатысты ақпарат тез таралып, жанкүйерлердің қызу талқысына түсті. Бірақ футболшы көлікті өзіне қалдырмай, әкесіне сыйға тарту туралы шешім қабылдады. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желілерде жылы қабылданып, көпшіліктің оң бағасын алды.

ФОТО: kun.uz

Әлем чемпионатының іріктеуіне дайындық

Абдукодир Хусановтың Ташкентке келуі 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындықпен байланысты. Өзбекстан құрамасы 20 наурызда Қырғызстанмен, 25 наурызда Иранмен маңызды кездесулер өткізеді. Бұл ойындар ұлттық құраманың әлем чемпионатына шығу мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.

Кім сыйлады? Демеушінің есімі құпияда сақталды

Қымбат көлікті кім сыйға тартқаны белгісіз күйде қалды. Демеушінің есімі ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен бұл э Хусановтың спорттағы жетістіктеріне деген жоғары бағалаудың белгісі екені сөзсіз.

ФОТО: zamin.uz