Нидерланд құрамасының бұрынғы ойыншысы Ислам дінін қабылдады
19.03.2025, 11:26
33 жастағы футболшы куәгерлердің қатысуымен шаһада оқыды.
news.sportbox.ru
«Аякс» клубының бұрынғы футболшысы Квинси Промес ресми түрде Ислам дінін қабылдады. Бұл туралы Mash телеграм-арнасы хабарлады. 33 жастағы футболшы куәгерлердің қатысуымен шаһада оқып, мұсылмандықты қабылдаған.
Жеке өмір
🔹 Квинси Промес немере ағасына пышақпен шабуыл жасағаны және есірткі контрабандасына қатысы бар болғаны үшін 7,5 жылға сотталған.
🔹 Оған бір кездері халықаралық іздеу жарияланған.
🔹 Қазіргі уақытта футболшы БАӘ чемпионатында «Юнайтед» (Дубай) сапында ойнап жүр.
Футболшының карьерасы
- Промес бұған дейін «Севилья», «Спартак» және «Твенте» клубтарында өнер көрсетті.
- Ол Нидерланд құрамасының намысын қорғап, үлкен футболдағы маңызды фигуралардың бірі болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама