Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Криштиану Роналду Гиннес рекордтар кітабынан сертификат алды

Сарапшы, спорт журналисі
24.03.2025, 11:45

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы жеңістер саны бойынша әлемдік рекорд орнатып, Гиннес рекордтар кітабының арнайы сертификатына ие болды. Бұл марапат футболшыға Данияға қарсы Ұлттар лигасы матчы алдында табысталды.

sportbox.ru
Реклама
Реклама

Рекорд қалай орнатылды?

Роналду рекордты 2024 жылдың 15 қарашасында, Польшаға қарсы өткен Ұлттар лигасы ойынында (есеп: 5:1) тіркеген. Сол ойында Португалия құрамасы сенімді жеңіске жетіп, Роналду үшін бұл ұлттық құрама сапындағы 132-жеңіс болды.

Роналдудың көрсеткіштері мен бәсекелестері

Қазір 40 жастағы Криштиану Роналду Португалия құрамасында 215 матч өткізіп, оның ішінде 132 кездесуде жеңіске жеткен.

Бұл көрсеткіш бойынша ол:

  • Серхио Рамосты (Испания) – 131 жеңіс, 180 матч;
  • Икер Касильясты (Испания) – 121 жеңіс, 167 матч;

артта қалдырды және жаһандық рекордтың жаңа иесі атанды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары