Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

U-17 Еуро-2025: Қазақстан құрамасы плей-оффқа мерзімінен бұрын жолдама алды

Редактор Penalty.kz
25.03.2025, 14:23

25 наурызда жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (U-17) топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Қазақстан мен Литва құрамалары кездесті.

instagram/@kff_team

Ойынның 21-минутында Абылай Төлеухан салған дәл соққыдан кейін Қазақстан құрамасы есеп ашты. Бірақ көп ұзамай 27-минутта литвалықтар жауап қайтарып, таразы басын теңестірді.

Үзілістен кейін голдар жаңбырша жауды. 58-минутта Исмаил Бекболат Қазақстанды қайта алға шығарса, араға 5 минут салып Литва тағы да есе қайтарды — 2:2.

75-минутта Литва құрамасы бір ойыншысынан айырылып, санаулы минут ішінде жағдай өзгеріп сала берді. Қазақстандықтар қарсыластың әлсіздігін сәтті пайдаланып, қатарынан үш гол соқты. Қорытынды есеп Қазақстан – Литва 5:2