Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Өзбекстан тарихи жолдамаға таяп қалды: Әлем чемпионатына шығу бағасы — бір ғана тең ойын

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 11:12

Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына жолдама алу үшін күресін жалғастырып келеді. Бірақ соңғы турда тіркелген тең нәтиже команда жағдайын сәл қиындатты.

vesti.kz

2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі 8-тур аясында Өзбекстан құрамасы сырт алаңда Иранмен 2:2 есебімен тең түсті. Бұл нәтиже өзбектерге турнир аяқталуына екі тур қалғанда жолдаманы ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік бермеді.

Сонымен қатар, Өзбекстанның басты бәсекелесі саналатын БАӘ құрамасы Солтүстік Кореяны 2:1 есебімен жеңіп, ұпай санын қысқартты. Осылайша А тобының турнирлік кестесі мынадай түрде қалыптасты:

  1. Иран — 20 ұпай
  2. Өзбекстан — 17 ұпай
  3. БАӘ — 13 ұпай
  4. Катар — 10 ұпай
  5. Қырғызстан — 6 ұпай
  6. Солтүстік Корея — 3 ұпай

9-турда Өзбекстан құрамасы дәл осы БАӘ-мен кездеседі. Егер ойында тең нәтиже тіркелсе де, өзбектер өз тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алады.