Қазақстанның әлем чемпионатындағы матч тағдырын екі шайба шешті
13.04.2025, 09:25
Әйелдер арасындағы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионы В тобындағы кезекті матчта жеңіліске ұшырады.
icehockeyuk.co.uk
Қазақстандық хоккейші қыздар Ұлыбритания құрамасына қарсы мұзайдынына шықты. Тартысты өткен кездесу 0:2 есебімен аяқталды. Британиялықтар сапынан 18-минутта Элли Уоллес, ал 47-минутта Шамони Джексон мергендік танытты.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі екінші жеңіліс болды. Бұған дейін олар Италиядан 0:2 есебімен ұтылып, Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен тізе бүктірген.
Үш тур қорытындысы бойынша В тобында командалардың ұпайлары төмендегідей бөлінді:
- Италия — 9 ұпай
- Латвия — 6 ұпай
- Оңтүстік Корея — 5 ұпай
- Ұлыбритания — 4 ұпай
- Қазақстан — 3 ұпай
- Словения — 0 ұпай
Топтық кезең соңында бірінші орын алған команда А тобына көтеріледі, ал соңғы орын иесі екінші дивизионға түсіп қалады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама