"Бомба бар": "Қайраттың" дәрігері Астанадан Алматыға ұша алмады
01.03.2026, 18:05
"Қайрат" клубының дәрігері Астана әуежайында сәтсіз әзіл айтып, қамауға алынды.
фото ашық дереккөздерден алынды
Оқиға қалай болды?
Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчтан кейін клуб өкілдерінің бірі күтпеген жанжалдың ортасында қалды.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ішкі рейстер терминалындағы тіркеу кезінде (Air Astana, №210 рейс, "Астана – Алматы" бағыты) жолаушы Тұрәлиев Д. авиациялық қауіпсіздік қызметкерінің сұрағына жауап беріп, әзіл ретінде өзінде "бомба бар" екенін айтқан.
Әуежайдағы жедел әрекет
Алғашқы тексеріс аясында қауіпсіздік қызметі стандартты тәртіппен бірқатар шара қабылдаған:
- терминалға кинологиялық қызмет мамандары шақырылды;
- әуежай аумағындағы полицияның жедел тобы келді;
- жолаушы рейстен түсірілді;
- оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Алдын ала ақпарат бойынша, қауіп расталмаған — жағдай сәтсіз қалжың ретінде бағаланған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама