Қазақстандық спортшы ӘЧ жүлдегері атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:00

Жаһандық дода Бразилияда өтіп жатыр. 

SN.kz

Қазақстандық семсерші Нұрмұхамед Жайлыбай жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бразилияда өтіп жатқан жаһан біріншілігінде отандасымыз үздік үштікке еніп, ел тарихында осы жас санаты бойынша алғашқы жүлдені еншіледі.

Жарыс жолы

Нұрмұхамед Жайлыбай турнир барысында жоғары деңгейдегі қарсыластарды жеңіп, сенімді өнер көрсетті. Іріктеу кезеңдерінде ол Сенегал, Мажарстан және Жапония спортшыларынан басым түсті. Одан кейінгі айналымдарда ресейлік және америкалық семсершілерді де жарыстан шығарды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшыға қазіргі Еуропа чемпионы, әлемдік рейтингтің көшбасшысы — түркиялық Фуркан Яман қарсы тұрды. Тартысты өткен жекпе-жек 13:15 есебімен аяқталып, Жайлыбай финалға өте алмады.

Тарихи жетістік

Осылайша, Нұрмұхамед Жайлыбай Қазақстан құрамасына тарихи қола медаль сыйлады. Бұл нәтиже елдің семсерлесу спорты үшін маңызды кезең болып отыр.

Реклама
Реклама