Ұлттық құрамада жұлдызды шабуылшының орнын жаңа ойыншы басады

Сарапшы, спорт журналисі
07.04.2026, 21:00

Нұрсұлтан Таңатұлы Қазақстан құрамасына шақырту алды. 

Vesti.kz

Қазақстан футзал құрамасында өзгеріс тіркелді. Әзербайжанға қарсы алдағы матчтарға команда сапына "Каспий" клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлы шақырылды.

Бұл шешім алматылық "Қайраттың" ойыншысы Дәурен Тұрсағұловтың жарақатына байланысты қабылданды.

“Қазақстан чемпионатының 38-турындағы "Ақтөбеге" қарсы ойында "Қайраттың" ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды. Медициналық тексеру нәтижесінен кейін, Дәурен алдағы ойындарға қатыса алмайтыны анықталды”, – делінген ресми хабарламада.

Осы ретте Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Нұрсұлтан Таңатұлына мүмкіндік берді. 

Қазақстан құрамасы жақын күндері Әзербайжанға қарсы кездесу өткізеді. 

Реклама
Реклама