Қазақстандық семсерші жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жүлдегері болды

Редактор Penalty.kz
18.01.2025, 12:00

Бахрейн астанасы Манамада өткен әлем кубогының кезеңінде Ғабиден Мұстафин қола медаль жеңіп алды.

фото ашық дереккөздерден алынды

Ғабиден 1/16 финалда ресейлік Глеб Колобниковты — 15:12. Кейін Халис Елиболды (Түркия) — 15:12 жеңді. 

Ширек финалда тағы Ресей өкілі Георгий Хамицаевтан (15:14) мықты болды. 

Мұстафин жартылай финалда Никита Горинге (Ресей) 12:15 есебімен жол беріп, турнирді үшінші орынмен аяқтады.