IX қысқы Азия ойындары алауының эстафетасы басталды

Редактор Penalty.kz
21.01.2025, 07:18

Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындары алауының эстафетасы басталды.

Синьхуа

Синьхуа агенттігінің жазуынша, қысқы Азияда алауын жағу рәсімі Харбин қаласының "Күн аралы" ұлттық саябағында өтті.

Салтанатты шарада алау эстафетасы және "цифрлық эстафета" ресми басталды деп жарияланды.

"Цифрлық эстафетаға" әлемнің барлық елінен қатысуға болады. Вичат желісі арқылы эстафетаға қатысушы электронды сетификат және арнайы сыйлық алуға мұмкіндігі бар.

IX қысқы Азия ойындары алауының факелі тақырыбы – "Серпін", бұл қысқы Азия ойындары өміршеңдік пен құштарлыққа толы деген мағынаны білдіреді. Алаудың жалпы ұзындығы шамамен 735 мм, үстіңгі диаметрі шамамен 115 мм.

Азиада 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстаннан 139 спортшы ел намысын қорғайды.