Реклама
Реклама

ВТБ лигасы: "Астана" ірі есеппен жеңілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.02.2025, 16:13

"Астана" ВТБ Бірыңғай лигасы аясында краснодардың "Локомотив-Кубань" баскетболшыларын қабылдады.

vtb-league.com

Қазақстандық ұжым барлық ширекте табандылық көрсете алмай, ірі есеппен жол берді. 

Елордалық клубта Данила Походяев үздік болды. Оның еншісіне 14 ұпай жазылды. Григорий Мотовилов 13 ұпай жинады. 

“Астана” 13 ақпанда Мәскеуде ЦСКА командасымен ойнайды.

ВТБ Бірыңғай лигасы. 31-тур.
“Астана” — “Локомотив-Кубань” (Краснодар) 70:99 (24:27, 14:28, 15:19, 17:25).

Реклама
Реклама