Азиада-2025: Төрт түрікменстандық спортшы ойындардан шеттетілді
11.02.2025, 12:10
Түрікменстандық 4 спортшы Қытайдың Харбиндегі ІХ қысқы Азия ойындарынан аластатылды.
kaz.inform.kz
Хоккейден ерлер арасындағы топтық кезеңнің кезекті матчында Түрікменстан құрамасы қытайлық Гонконг құрамасымен кездесіп, 1:5 есебімен жеңіліп қалды. Ойын аяқталысымен екі команда арасында төбелес басталып, салдарынан Гонконг сапындағы үш хоккейші жеңіл жарақат алды. Бұл туралы kaz.inform.kz жазады.
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) төбелеске қатысқан 4 түрікменстандық хоккейшінің әрекетін қасақана шабуыл деп бағалап, Азиаданың қалған ойындарынан толықтай шеттеті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама