Азиада-2025: Тағы бір қазақ қызы алтын медаль еншіледі

Редактор Penalty.kz
11.02.2025, 13:48

Конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі, Қытайда туып-өскен этникалық қазақ спортшы Ақнар Адаққызы Харбинде өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының алтын медаль иегері болды. 

kaz.inform.kz

Қазақ қызы әйелдер арасында конькимен жүгіруден командалық із қуу жарысында чемион атанып отыр. Қытай құрамасының нәтижесі – 3 минут 02.75 секунд.

Конькиші Ақнар Адақ – Шынжаң өлкесі Құтыби ауданында дүниеге келген. Бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5 000 метрлік жарысында — алтын, 3 000 метрде — күміс медаль алған. 

Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытай құрамасына қабылданды.