Азиада-2025: Кёрлингші қыздарымыз қола медаль үшін күреседі

Редактор Penalty.kz
13.02.2025, 19:05

Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліс тапты.

olympic.kz

Жартылай финалда отандастарымыз Оңтүстік Кореямен кездесті. Ойын толық 6 эндке созылды. Нәтижесінде оңтүстіккореялық спортшылар 2-10 есебімен жеңіске жетті.

Ұлттық құрама 14 ақпанда Астана уақытымен сағат 10:00-де қола медаль үшін сынға түседі. 

Ал ерлер құрамасы А тобының соңғы ойынында Гонконгпен кездесті. Матч қорытындысы бойынша қарсылас команда 5:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.