ҰОК президенті Геннадий Головкин мен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Хусейн әл Мусалламмен кездесті.
Қазақстан Азия Олимпиада кеңесі және World Aquatics ұйымдарымен әріптестікті нығайтуда
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті Геннадий Головкин мен ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры және World Aquatics президенті Хусейн Аль Мусалламмен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында Хусейн әл Мусаллам Қазақстанның халықаралық жарыстарды, соның ішінде 2011 жылғы Азия ойындарын сәтті ұйымдастырудағы тәжірибесін жоғары бағалады. Ол сондай-ақ 2024 жылдың қаңтарында Астанаға жасаған сапарында көрсетілген жылы қабылдауға алғыс білдірді.
Геннадий Головкин: "Азия Олимпиада кеңесі – стратегиялық серіктес"
Головкин Азия Олимпиада кеңесімен әріптестікті дамыту ҰОК жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті:
"Біздің негізгі мақсатымыз – халықаралық ұйымдармен серіктестікті нығайту. Азия Олимпиада кеңесін біз стратегиялық маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Ортақ мақсаттарымыз бар және олимпиадалық спортты Азия құрлығында дамытуға бағытталған ортақ көзқарасымыз қалыптасқан. Алдағы уақытта үлкен бірлескен жұмыстар күтіп тұр," - деді Головкин.
Кездесу соңында Хусейн әл Мусаллам қазақстандық делегацияны 2025 жылдың 11 шілде мен 13 тамыз аралығында Сингапурде өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатына құрметті қонақ ретінде шақырды.