Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем кубогында медаль жеңіп алды
17.02.2025, 06:01
Шотр-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Миланда өткен Әлем кубогында қола жүлдеге ілікті.
altyn-orda.kz
Қазақстандық спортшылар эстафетада ерекшеленді. Қола жүлдені Денис Никиша, Мірсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалиахметов қанжығаға байлады.
Бірінші орынға турнир қожайындары Италия көтерілді. Олардан кейін жеңіс тұғырына Канада жайғасты.
Айта кету керек, Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер "алтын" жеңіп алған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама