Ватерполдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Жарнама
Жарнама
Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында су добынан Азия чемпионаты басталды.
Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші ойында Сингапурды 12:6 есебімен жеңді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.
Әйелдер арасындағы турнирге 6 құрама қатысуда:
- Қазақстан
- Қытай
- Жапония
- Сингапур
- Өзбекстан
- Гонконг
Ерлер турнирінде 9 команда бақ сынайды. Олар екі топқа бөлінді. Қазақстан ерлер құрамасы өз тобында Қытай, Сингапур және Гонконгпен ойнайды.
Турнирдің финалистері шілде айында Сингапурда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Бүгін Қазақстан ерлер құрамасы турнир қожайындары – Қытаймен алғашқы матчын өткізеді.
Жарнама
Жарнама