Игита мен Дуглас жоқ. Қазақстан Еуро-2026 іріктеу матчтарына құрамды жариялады

Редактор Penalty.kz
03.03.2025, 19:40

Бас бапкер Пауло Рикардо Кака Албания мен Арменияға қарсы өтетін Еуро-2026 іріктеу кезеңінің соңғы матчтарына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады. 

kff.kz

Команданың оқу-жаттығу жиыны 3 наурызда Астанада басталады. Құрамға 16 ойыншы енді. Лео Игита мен Дуглас Жуниор жарақатына байланысты ұлттық құрамаға шақырылмады.

7 наурызда Қазақстан құрамасы Албанияны қабылдайды. Матч Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:00.

12 наурызда Қазақстан құрамасы Ереванда Армениямен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Қазақстан құрамасы екі турдан кейін 7 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар:

  • Рауан Атантаев ("Семей")
  • Нарын Серіков ("Қайрат")
  • Рауан Сейсенғалиев ("Аят")

Алаң ойыншылары:

  • Біржан Оразов ("Қайрат")
  • Дәурен Тұрсағұлов ("Қайрат")
  • Арнольд Кнауб ("Қайрат")
  • Жахангир Рашит ("Қайрат")
  • Дамир Қайырбай ("Қайрат")
  • Шыңғыс Есенаманов ("Семей")
  • Ақжол Дәрібай ("Семей")
  • Ержан Қарменов ("Семей")
  • Лео Мендонка (РФШ, Латвия)
  • Азат Валиуллин ("Аят")
  • Асхат Күлбаев ("Ақтөбе")
  • Нұрсұлтан Пиялы ("Ордабасы")
  • Александр Дерябин ("Тюмень", Ресей)