Херенвенде (Нидерланды) өткен Әлем кубогының финалдық кезеңінен кейін Халықаралық конькимен жүгіру одағы (ISU) 500 метрлік қашықтықтағы үздік спринтерлер рейтингін жариялады.
Қазақстандық жас спортшы Евгений Кошкин әлемдік рейтингте 14-орынға көтерілді.
Нидерланд мұз айдынында тағы да сенсация жасаған Кошкин жанкүйерлер мен сарапшыларды таңқалдырды. Бұған дейін Харбиндегі Азия ойындары мен Польшадағы Әлем кубогының кезеңінде тарихи нәтижелер көрсеткен алматылық спортшы бұл жолы тіпті алтын және қола медаль жеңіп алды.
13-16 наурызда Хамар (Норвегия) қаласында өтетін жеке қашықтықтар бойынша әлем чемпионаты Евгений Кошкин үшін биылғы маусымдағы соңғы жарыс болмақ.
Айта кетейік, 2023/2024 маусымының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 30-орында тұрған еді.