"Астананың" қорғанысы толық қирады (ВИДЕО)
08.03.2025, 16:32
Елорадық баскетболшылар ВТБ Бірыңғай лигасында ауыр жеңіліске ұшырады.
instagram/@astanabasket
Қазақстандық клубтың қарсыласы Екатеринбургтің "Уралмаш" командасы болды. Ойынның алғашқы екі ширегінде қонақтар басымдық танытып, үшінші және төртінші кезеңдерде артықшылығы айқын көрінді. Матчтың қорытынды есебі – 66:106, "Уралмаштың" пайдасына.
"Астана" сапындағы ең нәтижелі ойыншылар:
- Дэниел Утоми – 18 ұпай
- Ти Джей Старкс – 13 ұпай
- Мағжан Сәрсенғалиев – 9 ұпай
- Данила Походяев – 7 ұпай
- Асқар Майдекин – 7 ұпай
- Владислав Исаенко – 5 ұпай
Келесі кездесу 11 наурыз күні өтеді. "Астана" сырт алаңда Пермь өңірінің "Парма" командасына қарсы ойнайды.
ВТБ Бірыңғай лигасы, 35-тур
"Астана" – "Уралмаш" (Екатеринбург) 66:106 (21:29, 20:27, 14:23, 11:27).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама