49 жастағы өзбекстандық гимнаст жастарды тағы да шаң қаптырып кетті
09.03.2025, 06:43
Әйгілі өзбекстандық гимнаст Оксана Чусовитина Бакуде өткен әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
sportbox.ru
Тірек секірудің финалында 49 жастағы Оксана Чусовитина 13.516 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.
Бұл жеңіс оның спорттық мансабының әлі де биік деңгейде екенін дәлелдейді. Чусовитина – әлемдік гимнастика тарихындағы ең тәжірибелі спортшылардың бірі.
Айта кетейік, 2025 жылғы FIG спорттық гимнастикадан Әлем кубогы 6-10 наурыз аралығында Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама