"Астана" ВТБ лигасында қатарынан тоғызыншы рет жеңілді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
15.03.2025, 17:18

"Астана" баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасында Красноярскте "Енисейге" 92:65 есебімен есе жіберді.

vtb-league.com

Красноярскілік ұжым ойынды сенімді бастап, барлық төрт кезеңде басымдық танытты. Глеб Плотниковтың шәкірттері қарсыласқа төтеп бере алмады және бұл матч "Астананың" ВТБ лигасындағы тоғызыншы қатарынан жеңілісі болды.

Қазақстандық команда сапында төмендегі ойыншылар нәтижелі болды:

  • Ти Джей Старкс – 19 ұпай
  • Андрей Десятников – 12 ұпай
  • Асқар Майдекин – 9 ұпай
  • Рустам Мурзагалиев – 8 ұпай
  • Дэниел Утоми – 6 ұпай

"Астана" келесі кездесуін 21 наурыз күні өз паркетінде саратовтың "Автодорына" қарсы өткізеді.

ВТБ Бірыңғай лигасы. 37-тур

"Енисей" (Красноярск) – "Астана" 92:65 (27:15, 19:13, 17:12, 29:25)