Қазақстандықтар жаңа олимпиадалық спорт түрінен төрт "алтын" жеңіп алды
17.03.2025, 15:05
Қазақстандық команда Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде ски-альпинизмнен жеті медаль жеңіп алды.
olympic.kz
"Тік жарыста" қазақстандықтардың бағы жанды:
Әсем Назырова мен Шыңғыс Байқашев өз санаттарында бірінші орын иеленді. Нияз Жанзақов күміс медаль еншілесе, Денис Власов қола жүлдегер атанды.
Ал "Спринт"жарысында:
Денис Власов пен Әсем Назырова чемпион атанды. Нияз Жанзақов екінші болып мәре сызығын кессе, Шыңғыс Байқашев төртінші орынға тұрақтады.
Ски-альпинизм Олимпиада бағдарламасына енді
Айта кетейік, ски-альпинизм 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ресми бағдарламасына қосылған. Бұл спорт түрі төзімділік пен тактикалық шеберлікті талап ететін қысқы жарыстардың жаңа бағыты болып саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама