Қазақстан құрамасы тағы бір бразилиялықты қатарға қосады
18.03.2025, 19:14
Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака "Nursultan Qurman" подкастында сұхбат берді.
kazfootball.kz
Кака "Қайрат" сапында ойнап жүрген Жеже мен Кайо Руис туралы пікір білдірді.
“Қыркүйектің 20-сында Жеженің Қазақстанда ойнап жүргеніне бес жыл болады. Бірақ ол Еуро-2026 іріктеуінің плей-оффына қатыса алмайды. Кайо Руис пен Жеже – солақай ойыншылар, бұл олардың басты артықшылығы. Жеже дриблингке таммаша. Оны бір қапталда, Эдсонды екінші қапталда елестетіп көріңіздер. Бұл – біздің жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік береді. Жас ойыншылардың қосылуы қозғалысты арттырады", – деді Кака.
Қазір ұлттық құрамада үш бразилиялық футзалшы ойнайды. Олар: Игита, Дуглас және Лео.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама