Қазақстандық футзалшылар Еуро-2025 іріктеуінде алғашқы жеңіске жетті

Редактор Penalty.kz
30.03.2025, 17:56

Еуро-2025 футзал чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінде Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы соңғы кездесуін өткізді. 3-тур аясында қазақстандықтар Беларусь құрамасын 2:1 есебімен жеңді. 

instagram/@kff_team_futsal

Қазақстан 14-минутта белорус ойыншысы Александр Кабановтың автоголы арқасында Қазақстан есеп ашты. Араға бір минут салып Әлмерек Тілеуберген мергендік танытты. Ойынның соңғы минутында Анатолий Кузнецов бір голмен нәтижені қысқартты. 

Осылайша Қазақстан U-19 құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңіске жетіп, 3 ұпаймен топта үшінші орын алды. Ал бірде-бір ұпай жинай алмаған Беларусь төртінші орынға тұрақтады.

Топтағы бірінші орынды Португалия мен Франция өзара анықтайды.