Реклама
Реклама

Луиш Нани әйелдерге ән арнап, жұртты шулатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
08.03.2026, 14:30

Португалиялық жұлдыз, "Ақтөбе" клубының ойыншысы Луиш Нани 8 наурыз мерекесіне орай ерекше құттықтау жасады.

instagram/@fcaktobe_official

Ерекше форматтағы құттықтау

Қазақстан футболындағы танымал клубтардың бірі “Ақтөбе” халықаралық әйелдер күніне арналған тосынсый ұйымдастырды. Команда ойыншылары нәзік жандыларды дәстүрлі сөзбен ғана емес, шығармашылық форматта құттықтауды жөн көрген.

Футболшылардың бір бөлігі ән айтып, енді бірі би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осы сәтте көптің назарын аударғандардың бірі — әлемге танымал португалиялық футболшы Луиш Нани болды. Ол өз өнерін көрсетіп, әйелдер қауымына арнап ән шырқады.

Мерекелік құттықтау әсіресе “Ақтөбе” әйелдер командасына бағытталды. Клуб ойыншылары бұл қадам арқылы команда ішіндегі бірлікті ғана емес, әйелдер спортына деген құрметті де көрсетті.

Нани ҚПЛ маусымын жарқын бастады

Айта кетейік, Луиш Нани тек мерекелік видеомен емес, алаңдағы ойынымен де жанкүйерлер назарын өзіне аударып үлгерді. Ол ҚПЛ-2026 маусымының алғашқы турында басты кейіпкерлердің біріне айналды.

Португалиялық футболшы нәтижелі пас беріп, сол сәттен кейін есеп 4:1 болды. Нәтижесінде “Ақтөбе” Түркістанда “Тобылды” тізе бүктірді.

Еске салайық, “Тобыл” бір апта бұрын Қазақстан Суперкубогының финалында “Қайратты” жеңген еді.

Реклама
Реклама