жемқорлық
Қытайда 73 адам футболдан өмір бойына шеттетілді
Қытайда футболға қатысты жемқорлық пен келісілген ойындарға байланысты 73 адамға өмір бойына тыйым салынды. Яғни, олар енді өмірінің соңына дейін футболға қатысты кез келген қызметке қатыса алмайды. Бұл шешім ҚХР-дың орталық телеарналары арқылы жарияланған.
Әлем чемпионаты Аргентинасыз өте ме? AFA-дағы дау ушығып барады
Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына (ӘЧ-2026) қатыса алмау қаупімен бетпе-бет келуі мүмкін. Бұған Аргентина футбол қауымдастығындағы (AFA) ауқымды жемқорлық дауы себеп болып отыр.
Қызылордада балалар спортына бөлінген қаржы жымқырылған
Тергеу дерегінше, мониторинг тобының мүшелері қызмет бабын пайдаланып, тексеріс нәтижесін оң шешу үшін ақша бопсалаған.
"Ордабасының" бұрынғы президенті Байсейітов қайда жасырынды? Тергеуден қашып жүргеніне 994 күн болды
Миллиондаған қаржы жымқырды деген күдікке ілінген белгілі спорт қайраткерінің қайда екені белгісіз күйде қалып отыр.
Астанада экс-вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты үкім шықты
Астанада Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі жарияланды. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша кінәлі деп танылды.
Спорт саласындағы былық. 800 млн теңге жымқырылған
Жыл басынан бері 18 қылмыстық іс болған.
ҚПЛ клубының директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылды
Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөнсебаевқа қатысты үкім шығарды. Ол жеті жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Перизат Қайрат ісі: "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоры таратылмақ
ҚР Әділет министрлігі Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін тарату туралы ресми ақпарат таратты.
Спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын бәс тігуге жұмсаған
Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсаған екі спорт мектебінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.
Перизат Қайраттың анасы қылмыстық істің қатысушысы ретінде танылды
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша түсініктеме берді.
«ҚазАвтоЖол» экс-басшысына үкім шықты: 200 млн теңгенің ұрлығына кінәлі деп танылды
Астана қаласы бойынша қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты үкім шығарды
₸1,5 млрд жымқырды деген күдікті қызметінен қуылды
Ол бұған дейін Пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметін атқарды.
Қазақстан спортындағы сыбайлас жемқорлық: миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда
Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Мәдениет және спорт министрлігі спортты қаржыландыруды тексеріп, саладағы жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Penalty.kz.