Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елена Рыбакина 2026 жылғы алғашқы турниріне келді

Сарапшы, спорт журналисі
31.12.2025, 19:31

Қазақстанның №1 теннисшісі, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина 2026 маусымын Австралияда бастайды. Ол Брисбенге жетіп, WTA күнтізбесіндегі жылдың алғашқы ірі додаларының бірі — Brisbane International (WTA 500) турниріне қатысады. Жарыс 4–11 қаңтар аралығында өтеді.

Instagram/@lenarybakina
Реклама
Реклама

«2026-ға дайынбыз. Алға!»

Рыбакина Брисбендегі корттан түсірілген командалық фотоны Instagram сторисіне жариялап, қысқа да нұсқа жазба қалдырды: «2026-ға дайынбыз… Алға!» 

Бұл турнир Еленаға жақсы таныс. Ол 2024 жылы дәл осы Брисбенде чемпион атанып, финалда Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен айқын жеңген.

2025 маусымы қалай өтті: екі WTA 500 және Эр-Риядтағы тарихи жеңіс

Өткен маусымда қазақстандық теннисші бірнеше ірі титулды қоржынға салды:

  • Страсбург (WTA 500) — финалда Людмила Самсонованы 6:1, 6:7(2), 6:1 есебімен ұтты 
  • Нинбо (WTA 500) — шешуші матчта Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсті
  • WTA Finals-2025 (Эр-Рияд) — финалда Соболенконы 6:3, 7:6(0) нәтижесімен жеңіп, маусымды нүктеледі. 

Брисбендегі WTA 500 дәстүрлі түрде Australian Open алдындағы ең маңызды дайындық алаңдарының бірі саналады. Турнирге топ-ойыншылардың жиналуы да соны аңғартады. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары