10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Юлия Путинцева жаңа жылды сәтті бастады

Сарапшы, спорт журналисі
02.01.2026, 12:01

Қазақстандық теннисші WTA-500 турниріне іріктеу кезеңінде австралиялық қарсыласын жеңе алды.

Юлия Путинцева. Фото: wta

Әлемнің 71-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 2026 жылғы маусымды жеңіспен бастады.

Путинцева Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетуде. Іріктеудің жартылай финалында Юлия екі сетте австралиялық Присцилла Хонды (119-орын) жеңді — 6:4, 6:3. Турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін Қазақстанның екінші ракеткасы Оливия Гадецки (Австралия, 206-орын) мен Анастасия Захарова (Ресей, 107-орын) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Брисбендегі турнирдің негізгі сеткасы 4–11 қаңтар аралығында өтеді. Жүлде қоры 1 206 446 АҚШ долларын құрайды. Турнирдің қазіргі чемпионы — Беларусь теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.

Реклама
Реклама