10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Юлия Путинцева Brisbane International жарысын іріктеуде аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі
03.01.2026, 11:05

Қазақстандық теннисші финалдық бәсекеде үш сет қорытындысы бойынша жеңіліс тапты.

Юлия Путинцева. Фото: WTA

Әлемнің 71-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңіндегі шешуші матчты өткізді.

Турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін Путинцева рейтингте 206-орында тұрған австралиялық Оливия Гадекимен кездесті. Алғашқы партияда Юлия айқын басымдық танытып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Гадеки мықтырақ болып, 7:5 есебімен басым түсті. Ал шешуші үшінші сетте де Оливия 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Юлия Путинцева Brisbane International турнирінің негізгі торына өте алмады. Турнир 4–11 қаңтар аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, Юлия Путинцева Брисбендегі іріктеу кезеңін жергілікті теннисші, әлемдік рейтингте 119-орында тұрған Присцилла Хонды 6:4, 6:3 есебімен жеңуден бастаған еді.

Реклама
Реклама