10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елена Рыбакина жаңа жылды нешінші орында бастады?

Сарапшы, спорт журналисі
05.01.2026, 14:19

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2026 жылдың алғашқы әлемдік рейтингін жариялады.

Елена Рыбакина. Фото: WTA

Жаңартылған тізімде көшбасшылықты Беларусь өкілі Арина Соболенко иеленсе, екінші орында – польшалық Ига Швёнтек. Үшінші сатыға америкалық Аманда Анисимова көтерілді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында бесінші орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева үш саты төмендеп, 74-орынға түсті.

Жұптық рейтингте чехиялық Катержина Синякова көш бастап тұр. Екінші орында – АҚШ өкілі Тейлор Таунсенд, үшінші орынды италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани бөлісіп отыр.

Қазақстандық жұптық теннистен Анна Данилина бір саты жоғарылап, 14-орынға тұрақтады. Юлия Путинцева да бір позицияға көтеріліп, 106-орынға шықты. Жібек Құламбаева 136-орыннан 134-ке жақсарды. Ал Рыбакина жұптық рейтингте үш сатыға көтеріліп, 265-орынға жайғасты.

Реклама
Реклама