10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елена Рыбакинаның 2026 жылғы алғашқы матчы екі сетте аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
06.01.2026, 17:00

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 санатындағы турнирді бастады.

reddit.com

Рыбакина — Чжан Шуай матчы қалай өтті?

Қазақстандық теннисші екінші айналымда қытайлық Чжан Шуаймен (WTA — 79) кездесіп, матчты екі партияның қорытындысымен аяқтады — 6:3, 7:5.

Осы нәтижеден кейін Рыбакина 1/8 финалға шықты. Енді ол келесі кезеңде Мария Боузкова (WTA — 46) — Паула Бадоса (WTA — 25) жеңімпазымен кездеседі. 

Турнирдің жүлде қоры мен ұпайлар

Биыл Брисбендегі WTA 500 турнирінің жалпы жүлде қоры 1 691 602 долларға тең.

Чемпион атанған теннисші 214 530 доллар табыс тауып, 500 рейтингтік ұпай алады. 

Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы — әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко (WTA — 1).

Реклама
Реклама