Қазақстандық теннисші Бахрейнде топ жарды
Жарнама
Жарнама
Манамада Челленджер сериясындағы турнирде Бейбіт Жұқаев жеңіске жетті.
Жұқаев украинналық Виталий Сачкомен жұптасып финалда Иван Лютаревич (Ресей) / Лука Санчес (Франция) дуэтін 6:4, 6:0 есебімен жеңді.
Бейбіт Жұқаев туралы мәлімет:
Туған күні: 2000 жыл 12 қазан
Туған жері: Ақтау
Жетістіктері:
- ITF World Tour турнирлерінің 10 дүркін финалисі:
- Жеке разряд: 5 финал (2019, 2022, 2023 жылдары)
- Жұптық разряд: 5 финал (2021, 2022 жылдары)
- ITF World Tour турнирлерінің 2 дүркін чемпионы (жұптық разряд – 2021, 2022 жылдары)
- ATP Challenger турнирінің финалисі және чемпионы (жеке разряд – 2023 жыл)
- 2023 жылғы Жазғы Азия ойындарының қатысушысы
Спорттық атағы: Қазақстан Республикасының спорт шебері
ATP рейтингі: 226-орын (жеке разряд)
Жарнама
Жарнама