Елена Рыбакина бір сағат ішінде қарсыласын тас-талқан етті
18.02.2025, 13:59
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-орын) Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
time.kz
Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастады. Оның алғашқы қарсыласы жапондық Моюка Утидзима (WTA рейтингінде 62-орын) болды. Бірінші сетте Елена сенімді ойын көрсетіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте де басымдық танытып, 6:2 нәтижесімен матчты аяқтады. Кездесу жалпы 1 сағат 6 минутқа созылды.
Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің 1/8 финалына шығып, испаниялық Паула Бадосамен (WTA рейтингінде 10-орын) кездеседі.
Турнир туралы ақпарат
Биылғы Дубайдағы турнирдің жүлде қоры 3 664 963 долларға тең. Жеңімпаз 597 000 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама