Қытай намысын қорғайтын қазақ балуаны Ризабек Айтмұханнан озды

Редактор Penalty.kz
07.05.2025, 18:25

Біріккен күрес әлемі (UWW) үздік балуандардың жаңартылған рейтингін жариялады. Әр салмақ пен күрес түрі бойынша жасалған рейтингке сарапшылар биылғы басты турнирлер мен нәтижелерді негізге алды. 

sportnews.kz

97 келіде сенсация: Ризабек Айтмұхан — тізімнен тыс

Еркін күресте 97 келі салмақ дәрежесінде күтпеген өзгеріс тіркелді. Бұл санатта Грузиядан Гиви Матчарашвили көш бастаса, олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) екінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық балуандар бұл салмақта ТОП-10 қатарына енген жоқ. Бұған себеп:

  • Әлішер Ерғали Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін аса ауыр салмаққа ауысатынын жариялаған;
  • Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан соңғы жарыстарда сенім ақтай алмай жүр. Ол ақпан айында Алматыдағы PWL турнирінде америкалық Кайл Снайдерден (№3) ойсырай жеңілді. Наурыздың соңында Азия чемпионатында жапон балуаны Араш Йошидадан (№6) ауыр жеңіліс тапты.

Қытайдағы қазақ — үздіктер қатарында

Жағымды жаңалық — Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Әбусайман Хабила әлемнің үздік ондығына енді. Ол 97 келі салмақта ТОП-10-ды түйіндеді.

Әбусайман Хабила. ФОТО: sportarena.kz

Қысқаша шолу: 97 келі салмақ дәрежесі (еркін күрес)

  • 1-орын — Гиви Матчарашвили (Грузия)
  • 2-орын — Ахмед Тажудинов (Бахрейн)
  • ТОП-3 — Кайл Снайдер (АҚШ)
  • 10-орын — Әбусайман Хабила (Қытай)
  • қазақстандықтар — рейтингтен тыс