Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Азия чемпионатында (U20) еркін күрес шебері Едіге Қасымбек 125 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Шешуші белдесуде 18 жастағы қазақстандық балуан Моңғолия өкілі Нагантулга Дармаабазармен күресті. Қасымбек қарсыласынан 6:1 есебімен басым түсіп, алтын жүлде иеленді.
Бұл жеңіс — қазақстандық еркін күрес құрамасының жалғыз "алтыны" болды. Жастар арасындағы құрлықтық додада біздің спортшылардың арасынан тек Едіге чемпиондық тұғырдан көрінді.
Қазақстан құрамасының еншісінде тағы да бірнеше медаль бар:
Күміс жүлде:
Қола жүлде:
Осылайша Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс, екі қола медальмен Азия чемпионатын аяқтады.