Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Спорт шолушысы
30.07.2026, 11:00

Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында Айша Әбдімәлік алтын медаль үшін белдесетін болды.

UWW

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан финалға жолдама алды. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы жартылай финалда Грекия спортшысы Василики Каравануды жеңіп, шешуші белдесуге шықты.

Алтын медаль үшін кіммен күреседі?

Финалда Айша Әбдімәлікке Моңғолия балуаны Ариунул Болдбаатар қарсылас болады. Екі спортшы әлем чемпионатының алтын жүлдесін сарапқа салады.

Тағы бір балуан жүлдеге таласады

Сонымен қатар 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Аянат Мейнамбай қола медаль үшін күреседі. 

U17 әлем чемпионаты 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Баку қаласында өтіп жатыр. Додаға әлемнің 60-тан астам елінен шамамен 700 балуан қатысып жатыр.

Реклама
Реклама